”ТІЛ -ҰЛТТЫҢ ЖАНЫ" іс-шарасы » №49 орта мектеп
Қызылорда облысы білім басқармасының
Шиелі ауданы бойынша білім бөлімінің
" №49 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ”ТІЛ -ҰЛТТЫҢ ЖАНЫ" іс-шарасы
16
сентябрь
2026

”ТІЛ -ҰЛТТЫҢ ЖАНЫ" іс-шарасы

Бастауыш сынып оқушылары арасында ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, өзге тілдерді құрметтеуге тәрбиелеу және көптілділікке қызығушылығын қалыптастыру мақсатында “Шабыт” жобасы аясында бастауыш сыныптар ісі жөніндегі орынбасары К. Палмұхамедованың жылдық жоспарына сәйкес “Тіл -ұлттың жаны“ атты үш күндік іс- шарасы ұйымдастырылып өткізілді.
✅Іс-шараның алғашқы күні “Ана-тілім ардағым” тақырыбында ашылу салтанаты өткізілді. Шара барысында тілдің адам өміріндегі және ұлт болмысындағы маңызы туралы баяндама оқылып, оқушыларға ана тілін құрметтеу, қадірлеу туралы түсінік берілді.
Оқушылар қазақ тіліндегі мақал-мәтелдер айтып, тіл туралы қанатты сөздермен өз ойларын жеткізді. Сонымен қатар, ана тіліне арналған әндер орындалып, оқушылардың өнерлері көрсетілді. Іс-шара көтеріңкі көңіл-күйде, мазмұнды әрі әсерлі өтті.
✅Екінші күні орыс тілі пән мұғалімдері мен оқушылардың қатысуымен “Язык-душа народа” тақырыбында әдеби монтаж ұйымдастырылды.
Шара барысында оқушылар орыс тілінің байлығы мен көркемдігін танытып, өлеңдер оқып, тіл туралы нақыл сөздер мен әдеби шығармалардан үзінді ұсынды. Оқушылардың сахна мәдениеті, мәнерлеп оқу қабілеті және шығармашылық белсенділігі байқалды.
✅Үшінші күні ағылшын тіліне арналған “Hello world” тақырыбында қорытынды мерекелік шара өткізілді.
Оқушылар ағылшын тілінде өлеңдер айтып ән орындап, шағын көріністер мен қызықты тапсырмалар арқылы өз білімдерін көрсетті. Сонымен қатар , оқушының көңіл-күйін көтеру мақсатында “Көңілді үзіліс” ұйымдастырылып,тілге байланысты қызықты ойындар мен танымдық тапсырмалар өткізілді.
✅Іс-шара барысында оқушылар ана тілін құрметтеудің ,өзге тілдерді үйренудің маңызын түсінді.І с-шара оқушылардың тілдік қабілеттерін дамытуға, шығармашылық белсенділігін арттыруға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және көптілдікке қызығушылығын қалыптастыруға ықпал етті.
#Shielibilim
#Bilimbolimi
#Bilimqzo
#Bilimkzo
#қосымшабілімберу
#біртұтастәрбие
#Адал_азамат
#ТілҰлттыңЖаны
#ТілдерКүні
#ТілХалықтыңТірегіҰлттыңЖүрегі
#ТілдерОнкүндігі