Тұрабаев Мұрат Өскенбайұлы » №49 орта мектеп
Қызылорда облысы білім басқармасының
Шиелі ауданы бойынша білім бөлімінің
" №49 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Тұрабаев Мұрат Өскенбайұлы
09
январь
2023

Тұрабаев Мұрат Өскенбайұлы

«№270 Ғ.Мұхамеджанов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Тұрабаев Мұрат Өскенбайұлына
 Мінездеме
 Тұрабаев Мұрат Өскенбайұлы Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Кейден ауылында 4 тамыз 1977 жылы дүние есігін ашқан.1984 жылы №208 орта мектептің 1 сыныбына қабылданып, аталған мектептің 11 сыныбын 1994 жылы бітіріп шықты.
 1995 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университетінің «Тарих,құқық және өнер кешені» факультетіне оқуға түсіріп, 1999 жылы тарих және құқық пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітіріп шықты. Осы жылдан бастап Шиелі кентіндегі №46 А.С.Пушкин атындағы қазақ орта мектебіне «Тарих және құқық» пәндерінің мұғалімі болып қабылданады. Өзінің үнемі шығармашылық ізденісте, тынымсыз тірлікте жүруінің арқасында ол 2001-2011 жылдар аралығында мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, 2011 жылы аудандық білім бөліміне бас маман қызметіне ауысып, басқару ісіндегі жаңашылдығы мен жоғары ұйымдастырушылық қабілеті ескеріліп, 2013 жылы 7 тамыз күні конкурс негізінде
 №46 А.С.Пушкин атындағы мектеп-лицейінің мектеп директоры болып тағайындалды.
 Мұрат Өскенбайұлы – өнегелі ұстаз, талапшыл мектеп басшысы. Сүйікті кәсібіне жан-тәнімен беріліп, жүрек жылылығын , мерейлі шуағын, адамгершілік ұлылығын қызметкерлері мен шәкірттерінің бойына дарыта білген білікті басшы.
 Бұл міндетті де қабілетті басшы ойдағыдай атқарып, бүгінгі таңда мектебіміздің алдыңғы қатардағы білім ордасына айналуына септігін тигізуде. Өзі де күні бүгінге дейін сабақ беруден жалықпай, кез келген облыстық, республикалық іс-шараларда мектеп намысын абыроймен қорғап жүр. Ұжымдағы әрбір мұғалімнің педагогика саласындағы жетістіктерді білуіне , жаңа технологияны тәжірибеге енгізуге зор үлес қосып, заман талабына сай біліктілікті арттырып, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін мектеп әдістемесіне ендіруде жұмыс жасап келеді.
 Мұрат Өскенбайұлы озық ойлы іс – тәжірибелер мен әдіс-тәсілдерді насихаттаудағы еңбегі еленіп, бірнеше рет мақтау қағаздарына және арнаулы сертификаттарға ие болды. Осы жылдардағы білім саласына қосқан еңбегі бағаланып , 2009 жылы Білім және Ғылым министрлігінің Алғыс хаттарына ие болды. Н.Бекежановтың 125 жылдық, Ы.Жахаевтың 125 жылдық медальдарымен , сапалы ұрпақ тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін «Құрмет» медальмен, «Білім саласына қосқан үлесі үшін», «Үздік директоры» төсбелгісімен марапатталды. Аудандық, қалалық , облыстық әкімдіктің оқу бөлімдерінің , спорттық комитеттерінің алғыс хаттары мен мақтау грамоталарының өзі бір құшақ.
 Елдің қуаты азаматтардың білімімен өлшенетін заманауи әлемде бәсекелестік ортасы да жоғары. Осыны ескерген Мұрат Өскенбайұлы үнемі жаңашылдықтың бастамашысы ретінде білім беру саласындағы жаңа бағыттағы білім беру бағдарламасы бойынша деңгейлік курстан өзі де, әріптестерін де оқытып, бүгінгі күнде мектебіміз аудан бойынша алдыңғы қатардағы жаңашыл мектептердің бірі болды.
 Осының нәтижесінде 2015-2016 оқу жылының қорытындысымен аудандық «Үздік Білім ордасы» атағын алды.
 2017 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласында «Халықаралық экология, инженерия және педагогика ғылым академиясы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Үздік педагогикалық ұжым-2017» атты республикалық кәсіби шеберлік форумы болып өтті. Форумға әр облыстан 89 ұжым жұмыстарын ұсынған. Білім және ғылым министрлігінен құрылған қазылар алқасының шығарған нәтижесімен № 46 мектеп-лицей жұмысы жоғары бағаланып:
 «Үздік педагогикалық ұжым-2017» кубогын жеңіп, дипломмен марапатталды.
 «Үздік сабақ-2017» І орынды жеңіп , медаль, грамотамен марапатталды.
 «Үздік іс-шара -2017» І орын жеңіп, медаль, грамотамен марапатталды.
 2018 жылдың қаңтар айында № 270 Ғ.Мұхамеджанов атындағы мектепке ауысу тәртібімен ауысты.
 Мұрат Өскенбайұлы өзінің тынбай еңбегі мен ізденісінің арқасында ауданымыздағы жаңа білім ошағының да жұмысы
 алға өрбіте білген шығармашыл басшы.

2018 жылы «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында педагогтердің кәсіби құзіреттілігін дамыту» әдістемелік оқу құралында мақаласы жарияланды
 2018 жыл «Білім-Ғылым- Инновация» интеграциялық орталығының «Құрмет Грамотасы»
 2019 жыл . «Мәңгілік ел» авторлық оқу бағдарламасы аудан көлемінеде таратылды
 Қызылорда облысы білім басқарамасының 2020 жылы зерттеуші -педагог санатын алды.
 2019 жыл «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Әлназарованың «Алғыс Хаты»
 2020 жыл Шиелі аудандық ішкі саясат бөлім басшысынан «Алғыс»
 2020 жыл ұжымның ұйымшылдығы мен білім жолындағы жетістіктері үшін облыстық кәсіподақ комитетінің «Ынтымағы жарасқан ұжым» номинациясымен марапатталды.

2023 жылдың 9 қаңтарынан бастап  "№49 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры болып тағайындалды.
 Қорыта айтқанда М.Тұрабаев – өз мамандығының шебері, ұжым басқарудағы тәжірбиелі басшы, алдағы уақытта да қажыр-қайратымен заман талабына сай жұмыс жасауда көпке үлгі көрсете алатын қызмет иесі.

 

Похожие публикации:

08 ноябрь 2021 Білім күні