16
сентябрь
2026
АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ
9 қыркүйек күні №49 орта мектепте жалпы ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды.✅Жиналыстың басты мақсаты – мектеп пен ата-ана арасындағы ынтымақтастықты нығайту, оқушылардың оқу үлгерімі мен тәрбиесіне қатысты маңызды мәселелерді талқылау және бала тәрбиесіндегі ортақ жауапкершілікті арттыру.
✅Жиналыс барысында:
✅Ауылдық учаскелік инспекторы Оразмахан Досбол құқық бұзушылықтың алдын алу туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жасөспірімдер арасында жиі орын алатын топтық төбелеске және одан туындайтын салдарына тоқтала отырып, аудан көлемінде орын алған жағдайларды мысал ретінде келтірді. Қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау ережелері, тәртіп сақтау және жауапкершілік мәселелері жан-жақты қарастырылды. Түнгі мезгілде балалардың бет-алды көшеде жүруіне тиым салу және көлік басқармау жайлы ата-аналарға қатаң талап қойылды.
✅Мектеп психологы Әбдірасилова Зағипа "Тағдыр сақшылары" тақырыбында ата-аналарды ақпараттандыру өмірлік қиын жағдайлардың алдын алу және ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыруға бағытталған слайдпен таныстырды.
Ата-аналарға балалармен ашық әрі сенімді қарым-қатынас орнату, олардың көңіл күйі мен мінез-құлқындағы өзгерістерге назар аудару, қауіпсіздік ережелерін түсіндіру және қиын жағдайда көмек сұрауға үйрету ұсынылады.
Балаға уақыт бөліп, оны тыңдау және қолдау көрсету – оның өзін қауіпсіз әрі маңызды сезінуіне ықпал етеді. Баланың тағдырына бейжай қарамай, оның жарқын болашағына бірге жол ашайық!
✅Мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Абдрахманов Ғалымжан төмендегі ережелермен таныстырды.
▪️оқушылардың мектеп формасы мен сабаққа қатысуы;
▪️мектептегі тәртіп пен қауіпсіздік талаптары;
▪️бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі;
▪️ ата-аналар комитетінің төрағасын сайлау;
▪️ оқушылардың ұялы телефонды тиімді әрі қауіпсіз пайдалануын қадағалау;
▪️ мектеп пен ата-ана арасындағы өзара байланысты күшейту мәселелері талқыланды.




