10
ноябрь
2021
Оқушымыз облыстық байқауда топ жарды!
Қызылорда қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен 8 қараша күні А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесі аясында белгілі журналист, жазушы, ақын Қази Данабаевтың 70 жылдығына арналған "Рухани болмысты жаңғырту - ұрпақ ұлағаты" атты дәстүрлі облыстық ділмар - шешендер байқауы өтті. Байқау қорытындысы бойынша жүлделі 1 орынды Шиелі ауданының намысын қорғап барған 8 сынып оқушысы Нұрайым Әбілдақызы иемденді. Жетекшісі: Султанова Бибігүл.